Адыраспан аурудың алдын ала ма?
Адыраспан – ұзақ өмір сүретін, көпжылдық өсімдік. Оның сабағы бұтақшалы келеді. Тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасады. Бұл өсімдікті қазақ халқы ежелден киелі санаған. Содан да болар оны кептіріп, өртеп, иісін шығару жын-шайтаннан қорғап, үй ішін қауіпті күштерден тазартады деп сенген. Шындығында қазақ халқы үшін тартымды иісі бар өсімдіктің емге жарар тұсы көп. Бірақ тәжтажалды тоқтатуға қауқары бар ма?
Қазақстанда адыраспанның жалғыз түрі өседі. Гүлдену мерзімі – мамырдың аяғы мен маусым айында. Айналаны гүлге бөлейтін шөптің биікті 60 сантиметрге дейін барады. Шілде айында жемісі толығады. Осы ретте адыраспанды жинау мен оны пайдалану әдісін де айта кеткен жөн. Жинау барысында жердегі бөлігі және тұқымы дәріге пайдаланылады. Жазда және күзде жинап, жас күйінде немесе кептіріп қояды. Ал тұқымын піскенде ғана жинайды. Адыраспанның химиялық құрамында гармалин алкалоидтары бар улы өсімдік екенін де естен шығармаған абзал. Сол себепті сабағы мен жапырағынан 4-8, тұқымынан 0,5 граммнан артық емес мөлшерде қолданған жөн.
Емдік шөптен жасалған гармалин алкалоидының әсері банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол эниефалит ауруын емдегенде жақсы нәтиже берген. Сондай-ақ адамның жүйке жүйелері асқынып, ұстамалы қояншық (эпилепсия) ауруы мен қалтырау салына (дрожательный паралич) шалдыққанда қолданылады. Ал халық емшілері құяңмен ауырғанда адыраспан жапырағымен булауды ұсынады. Көп жағдайларда шөпті ісіктерге де басады. Тәжірибе әртүрлі тері ауруларына және ревматизмнің салдарынан сүйектер сырқырап ауырған адамды шөппен булау таптырмас ем екенін көрсетіп берді.
Негізінде адыраспанның сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл шарапқа қайнатып, күніне 30 грамнан 1 ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Бұл қосымша ревматизм ауруын басады. Оған жаншылған зығыр түқымын қосып, қайнатып ішсе демікпені жазады. Бұдан бөлек тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады. Бұны буынның жел-құз қоздырған қабынуына да қолданады. Ол үшін ем шөптің жас сабағы мен жапырағын жаншып, буынға таңу керек. Адыраспанның талаурауға, қабынуға қарсы қабілетін пайдаланып, бала көтермеген әйелдерді де емдеген. Адамдар адыраспанды бояу ретінде де қолданған. Мысалы, шөптің тұқымымен жүннен тоқылған бұйымдардың түрін қызыл түске бояп, тіпті заттың күн нұрына өңін бермейтін амалын тапқан. Түркияда ерте заманнан-ақ адыраспаннан әдемі қызыл бояу алып, онымен бас киімді бояп киген. Бояудың 10 грамымен 5 шаршы метр жібекті, 50 шаршы метр матаны алқызыл етіп бояуға болады. Қазақ адыраспанның тұқымымен қойдың, түйенің жүнін бояп, алашаға, текеметке көрік берген.
Елде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап адамдар дәріханадағы медициналық бетперде мен антисептикалық сұйықтықты жаппай сатып ала бастады. Базардағы сұранысқа ие тауардың арасында адыраспан да бар. Бұл оның тәжді вирусқа қарсы тұра алады деген әңгімеден шыққан дүрбелең. Халықтың жаппай адыраспан сатып алып, ем жасауының себебі оның өкпе, демікпе ауруларына пайдалылығында болса керек. Көп жағдайда суық тиіп, ауру басталғанда адамның денесі мұздап, қалтырап берекесі кетеді. Сол кезде адыраспанның қайнатпасын ішсе, ауруды жеңілдетеді. Тер шығару мен несеп айдау адыраспанның ерекше қасиетінің бірі. Безгек ұстағанда да көп адамға ем болған.
Халықтың емдік шөппен үй ауасын тазартуы көңілге қонымды. Бірақ коронавирустың симптомдары қарапайым тұмаудың белгілеріне ұқсас болса да шөп оны жойып жібереді деген сөз емес. Оның үстіне ғалымдар адыраспанды коронавирусты жеңе алатын әдіс ретінде санамайды. Бірақ дала шөбінің иммундық жүйе жұмысын жақсартуға, кейбір инфекциялық жеңіл ауруларды жоюға қауқарлы екенін жоққа шығармайды. Жүздеген жылдар бойы ата-бабамыз қолданыста ұстаған, дертіне дауа болған адыраспанның жоғарыда аталған сырқаттарға пайдасы бары ақиқат. Бірақ осы сәттегі пандемияның алдын алуда тазалық пен жеке бас гигенасын сақтаудан асқан профилактика жоқ екені дәлелденіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов халықты адыраспанмен қорғануға шақырған еді. Сөзіне сенсек, ежелгі түркі халқы жаңа қонысқа көшкенде, түрлі мезгіл індеттері пайда болғанда адыраспан тұтатып, еңсере алған. Бұл әлем халқының әзіл араласқан қызу талқысына түскен еді. Бір қызығы түркімендер елінде әлі күнге дейін індет жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ