Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптүрлі коронавирус

Көптүрлі коронавирус

Қазіргі таңда әлемді дүрліктіріп отырған тәжвирус індетін жұқтырушылар саны күннен күнге өсім алып келеді. Пандемияның атауы жөнінде көбіміз бұрын-соңды естімедік. Бірақ бұл әлемге қауіп төндірген сәтте ғана өткенге көз жүгіртіп, бұған дейін де коронавирус ауруы болғанынан хабардар болдық. Сонымен тәжді вирус деген не? Оның қандай түрлері бар? Адам ағзасын қандай өзгерістерге ұшыратады? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
Коронавирус – бұл тез көбейетін вирустардың үлкен тобы. Ол адам бойында бірқатар ауруларды тудыруы мүмкін. Жалпы суықтан ауыр өткір респираторлық синдромға дейін (SARS), сондай-ақ ас қорыту жүйесінің қабынуына әкеледі. Жұқпалы ауру бір тізбекті РНҚ молекуласы (рибонуклеин қышқылы) бар сфералық микробтар деп те сипатталады. Олар сирек кездесетін немесе қабыршақтары бар патша тәжіне ұқсайды. Сол себептен ғалымдар індетті тәжвирус деп атай салған.
Алғашқы коронавирус 1965 жылы жедел риниті бар адамдардан бөлініп алынды. Бұдан кейінгі ондаған жылдар бойы вирус медицинаның сөздігінен жоғалып, тек 2002 жылы ғана Қытайда «SARS-Co» терминімен эпидемия ретінде пайда болды. Ақ халаттыларды күтпеген тосын сыйымен таңғалдырған коронавирус көрші елдерге жылдам тарап кетті. Нәтижесінде 8000-нан астам науқас тіркеліп, 775 адам қайтыс болды. Індет еңсерілгеннен кейін 2015 жылы Таяу Шығыстағы Оңтүстік Кореяда респираторлық синдромның дамуына себеп болатын қытайлық MERS-CoV коронавирусының белгілері қайта толқу алып, әлемді тағы бір мәрте үрейлендірді. Тәжді вирус 183 адамға әсер етіп, 33 науқас өлімімен аяқталды.
Вируспен бірнеше мәрте ұшырасқан ғалымдар оның адам ағзасына нендей өзгеріс енгізетінін зерттеуге мүмкіндік алды. Алайда ол пайда болған сайын өзін және сырқаттың салдарын өзгертіп отыратындықтан лезде емін табу оңайға түспеді. Себебі коронавирустар жасушаға еніп, цитоплазмада көбейеді (жасушаның жартылай сұйық құрамында). Олар иммунокомпетентті жасушаларға жайғасып алып, оны көлік құралы ретінде пайдаланады. Осылайша денеге тез тарала алады. Бұрын кездеспеген кедергіні еңсеруге бар күшін жұмсап, әлсіреген иммундық жүйе инфекцияны тануды және онымен күресуді тоқтатады. Алайда бұл вирустар 56 градус температурада жойылатыны белгілі.
Коронавирус тыныс алу жүйесіне айтарлықтай зақым келтіреді. Оның әсерінен пайда болатын SARS әдетте бірнеше күнге созылып, толық қалпына келуімен бітеді Алайда кейбір жағдайда ол SARS немесе ауыр жедел респираторлық синдром (SARS) түрінде дамуы мүмкін. Бұл патология өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады (38%). Ауру асқынғанда науқас ауа жетпегендіктен жан тапсырады.
Коронавирус індеті жылдың кез келген мезгілінде көбейе алады. Әсіресе қыс пен көктемнің алғашқы айларында шарықтау шыңына жетеді. Ересектер балаларға қарағанда 5-7 есе көбірек ауырады. Инфекция ауа тамшыларымен, түшкіру және жөтел кезінде таралады. Оның кәдімгі тұмаудың клиникалық көрінісі бар адамдар мен індеттен қайтыс болған мәйіттен де жұғу көрсеткіші жоғары.
Қазіргі таңда коронавирус тұқымдасының 30-дан астам түрі белгілі. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. Бірақ оның төрт түрі ғана адамдар ағзасында жедел респираторлық инфекция тудырады: 229E, OC43, NL63, HKUI есімді ­вирустар көбінесе жеңіл немесе орташа ауырлықтағы жоғарғы тыныс жолдарын зақымдап, сирек жағдайларда төменгі тыныс жолдарының инфекцияларымен бірге жүреді.
ХХ ғасырда коронавирустар адамдар мен жануарлардың өткір респираторлық ауруларының қоздырғышы ретінде танымал болғанымен ең қауіпті вирустық инфекциялар қатарына кірмеді. SARS коронавирусы 2003 жылы әлемнің 33 елінде індет туғызып, (ең көп жағдай Қытайда, Сингапурде және Канадада тіркелді), олардың жалпы саны 7 761 адамды құрады. Тағы 623-ін өлімге ұшыратты.
2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытай билігі Уханьде белгісіз туберкулездің басталғаны туралы хабарлады. Оның алғашқы себебі ретінде теңіз өнімдері аталды. Сарапшылар бұны жоғарыда айтылған коронавирустың ізбасары, яғни аурудың жаңа түрі – 2019-nCoV екенін анықтаған. Осы аптадағы мәлімет бойынша қазіргі таңда әлем бойынша 200 мыңнан астам адам індет жұқтырып үлгерген. Оның 8244-і бақилық болса, 82 мыңнан астамы емделді. Коронавирустың берілу механизмі әртүрлі болғанымен, ғалымдардың көбісі бастысы ауа арқылы көз, мұрын, құлақ арқылы сау адамға көшеді деген тұжырымға тоқталды. Сондай-ақ науқаспен қарым-қатынас кезінде немесе қол алысқанда, есік тұтқасы мен қоғамдық орындарда жұқтыруы мүмкін. Қытайда табылған коронавирустың себебі жабайы, улы жануарлардың етін тұтынудан болып отыр.
Бұл қиындық бойынша ғаламның әр түкпіріндегі мықты дәрігер-ғалымдар қажырлы еңбек етіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығы да қолдан келген шараларды іске асыруда. Бүгінгі күні Бангкокта коронавирусты жұқтырған науқасты емдеу үшін қолданылған тәжірибелік препарат оң нәтиже беріп, пандемияны жеңудің алғашқы қадамы жасалды. Ғалымдар тұмау мен АИТВ-ға қарсы препараттардың жиынтығынан арнайы вакцина жасап шығарды. Тәжірибе көрсеткендей, науқас препаратты қабылдағаннан кейінгі екі күнде өзін жақсы сезіне бастаған. Алайда «құтқарушының» дамуын одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды. Амандық болса біраз уақытан кейін вакцина толығымен тәжірибеден өтіп, әлемнің барлық елі үшін қолжетімді болмақ.

Сартай БАЙЖАН
22 наурыз 2020 ж. 729 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031