Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот шешімімен банктік қарыз өндірілді

Сот шешімімен банктік қарыз өндірілді

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің жауапкер М.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.
Талап арыз сот өндірісіне тараптарды шақырмай, пікір, дәлелдемелер және басқа да құжаттарды беру үшін мерзім белгілеп, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қабылданды.
Сотқа белгілеген мерзімде жауапкерден қойылған талап бойынша қарсылық және оны дәлелдейтін құжаттары түскен жоқ.
Азаматтық істің құжаттарынан анықталғандай, «Альянс Банк» АҚ-мен М. арасында несие беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша банк жауапкерге 410 140 теңге несие берген. Жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алған және қазіргі кезге дейін шартта келісілген төлемді түсірмеген.
Талап қоюшымен ұсынылған құжаттарды, берешекті растайтын несие беру туралы келісім шартты зерттей келе, сот берешекті өндіру туралы талапты толығымен қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
12 ақпан 2018 ж. 1 783 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 226

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 126

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031