Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы жұмысы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы жұмысы туралы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы бүгін брифингте Агенттіктің Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов айтып өтті.
«Біз өз жұмысымызда азаматтық қоғам институттарымен, белсенді азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. «Адалдық алаңы» жобасына 75 мың еріктілер қатысуда; Арнайы мониторингтік топтар 3 мың сарапшы мен қоғам белсенділерін біріктіреді; Ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысына 300 беделді қоғам қайраткері қосылды», - деді Расул Медетов.
Осыған дейін мәлімдегендей, мекемені қайта құру барысында жаңа құрылымда Агенттіктің осы бағыттағы қызметін қамтамасыз ететін бөлімшелер ашылды.
Осындай жаңа бөлімшелердің бірі қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимылды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Серіктестік департаменті.
«Біз жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша тұрақты жұмыс істейтін алаңдарды тиімді пайдалану, оның ішінде халықты қызықтыратын мәселелерді алдын ала жинау, кері байланыс орнату және азаматтардың сұрақтарына жауап беру, Агенттік жүргізіп жатқан жұмыс туралы халықты ақпараттандыру үшін Интернет-ресурстардың әлеуетін кеңінен пайдалану бойынша шаралар қабылдаймыз», - деп айтып өтті Серіктестік департаменті директоры.
Серіктестік департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) және бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарындағы пікірлерге ден қою бойынша жұмыс жүргізуде, яғни Агенттік қызметкерлері тұрақты негізде өз құзыреті аясында пікірлерді сапалы және уақтылы қарастырып, оларға жауап береді.
Көбінесе бұл түсіндіру сипатындағы ақпарат. Осылайша, бұл жұмыс тетігі іске қосылған сәттен бастап интернет-пайдаланушылардың 1000-нан астам пікірі қаралды.
2019 жылы қыркүйекте Агенттік Төрағасының азаматтарды қабылдау кестесі апта сайынғы негізге, ал орынбасарларының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі күн сайынғы негізге өзгертілді.
Осылайша, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте
1 700-ге жуық қабылдау өткізілді, 2 мың мәселе бойынша 2,5 мыңнан астам азамат қабылданды.
«Egov.kz» порталындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы күн сайын, ал бірінші басшысы апта сайын қабылдайтын жалғыз мемлекеттік орган. Мысалы, былтыр қыркүйек айынан бастап ақпан айының аяғына дейін Агенттік Төрағасы 22 жеке қабылдау өткізіп, 128 азамат қабылдаған.
Сонымен қатар, Агенттік еліміздің 13 облысында «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтарын ашты. Онда азаматтар тегін құқықтық көмектер мен кеңестер алады, азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдауға, сондай-ақ, қоғаммен сындарлы диалог орнатуға жағдайға жасалған. «ANTIKOR ORTALYǴY» сервтистік орталықтары ашылған сәттен бастап (2019 жылдың қарашасы) оның алаңында 600-ден аса шара өткізіліп, аумақтық департаменттердің басшылығы 850-ге жуық азамат қабылдады.
Агенттіктің қолдауымен еліміздің елді-мекендерінде «Халық заңгері» акциясы тұрақты өткізіледі. Онда азаматтар білікті заңгерлер мен сарапшылардан тегін құқықтық кеңестер алады. 2019 жылы бұл акция 176 елді-мекенде өткізіліп, оған 2 500-ге жуық заңгер мен сарапшы қатысты, 18 мыңнан астам адамға кеңес берілді.
«Волонтерлер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық өңірінде апта сайын әр сенбіде сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтары мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің базасында кеңестер беріледі.
Оған Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері, заңгерлер мен адвокаттар волонтер ретінде қатысуда.
Республика бойынша екі сенбіде барлығы 203 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Талдауға сәйкес азаматтар негізінен:
- баланы балабақшаға орналастыру;
- үйді бұзуға өтемақы төлеу;
- алимент төлеу және рәсімдеу;
- тұрғын үй және жер қатынастары және т.б мәселелер бойынша сұрақ қойған.
Агенттік Электрондық үкіметтің «Ашық диалог» порталында азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша ай сайын онлайн режимде интернет-конференция өткізеді. Серіктестік департаменті әлеуметтік желілер арқылы халыққа интернет-конференцияның өтетін күні мен уақыты туралы дер кезінде хабарлап, оған қалай қатысуға болатындығы туралы нақты түсініктемелер береді.
Интернет-конференция барысында азаматтардан бюрократиялық кедергілер мен жалпы сыбайлас жемқорлықты жоюмен байланысты сұрақтар түседі. Сонымен қоса, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе жемқорлықпен күресте басқаша жолмен жәрдемдескен адамдарға берілетін сыйақы көлемі мен тетіктері беру қызықтырады. Барлық түскен сұрақтар мұқият зерделеніп, оған толық түсініктеме беріледі.
Instagram, YouTube-та, Агенттіктің қызметіне қатысты барлық жаңалықтар жарияланатын «ANTIKOR News» Telegram-арнасында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «ANTIKOR News» Агенттік жұмысындағы жаңашылдықтың бірі, оны барлық БАҚ өкілдері жақсы қабылдап, Агенттіктің ақпарат беру жүйесін біршама жеңілдеткені туралы оң пікірлер білдірді.
Түрлі телеарналар мен ақпараттық агенттік басшыларының, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің «ANTIKOR News» Telegram-арнасына жазылуы - арнаның маңыздылығы артқанын көрсетеді. Арнадағы жаңалықтарды қараудың жалпы саны бір аптада 8,5 мың көрсетілімді құрайды.
Жалпы, азаматтармен жан-жақты, өзара әрекеттесу бойынша сапалы жұмыстың тетіктерін қалыптастыруда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басымдығының бірі. Себебі Агенттіктің құзіреті аясында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барынша күш салып, мәселені жедел және жан-жақты қарау қағидасын ұстанады.
«Агенттік апта сайын баспасөз брифингтерін өткізіп, өз қызметіміз туралы ауқымды ақпарат беретін әзірге жалғыз мемлекеттік орган екенінтағы да атап өткім келеді. Қайта құрылған сәттен бастап Агенттік пен оның аумақтық департаменттері 170-тен аса брифинг өткізіп, онда Агенттіктің қызметіне қатысты 340-қа жуық тақырыпты талқылады. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының алаңында Агенттік бес баспасөз-конференциясына қатысты. Баяндалғанды ескере отырып, Агенттіктің ең ашық мемлекеттік органдардың бірі екеніне көз жеткізуге болады»,- деп өз сөзін қорытындылады Расул Медетов.

13 наурыз 2020 ж. 706 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930