Полиция департаментінің жеке құрамынен кездесу өткізді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада, Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин Қызылорда облыстық Полиция департаментінің жеке құрамыменен кездесті.
Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылармен өткен шараның негізгі мақсаты – сындарлы диалогтық алаң құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Ағартушылық жиында сөз алған Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин парасатты қоғам құрудың маңыздылығын айқындап, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында адал қызмет етуге үндеді.
Сондай-ақ, қоғам індетінің мемлекет экономикасына тигізер зардабы мен залалын жан-жақты түсіндіріп, киелі өңірді сыбайластықтан азат кіршіксіз мекенге айналдыруға шақырды.
Өз кезегінде Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзадаар үстінен аттаған парақорлықтың ауыр қылмыс екендігін атап өтіп, парасаттылық пен адалдық принцптерін кеңінен насихиттады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат