Облыс активімен кездесу өтті

Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Ырза Тұрсынзада - мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқықбұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.
Сонымен бірге, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Арман Бердалин - азаматтар мен мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді мемлекеттік органы болу үшін аянбай жұмыс істеп, барлық күш-жігерін салу қажеттігін хабарлады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат