Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Antikor ortalygy» ашылды

«Antikor ortalygy» ашылды

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қызылорда облысына сапары барысында өңір басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен Open Space форматындағы Антикор орталығы ашылды.
Орталықтың қызметімен агенттіктің Қызылорда облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов таныстырып, ашық кеңістікке өту мемлекеттік пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту және мемлекеттік мекемелердің азаматтар алдындағы есептілігі мен қолжетімділігі жолындағы тағы бір қадам екенін атап өтті.
«Antikor ortalygy» азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ, жемқорлық індетін жоюға жұмылуға дайын жұртшылықтың бас қосатын орталығы болып табылады. Орталықтың ашылуына қатысқан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті ақпараттық үгіт-насихат штабы, арнайы мониторингтік тобының мүшелері атынан Мишукова Наталья орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халыққа жақындығы мен әрдайым ашық екендігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр дей келе, қоғам белсенділерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары туралы баяндады.
Оның айтуынша, азаматтық қоғам өкілдерінің бақылауын күшейту – жемқорлықты жоюға өз септігін тигізері анық. «Адалдық, парасаттылық, әділдік және сатылмаушылық қағидаттарына негізделіп жұмыс жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз тарапынан азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін аянбай жұмыс жүргізуде», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. «Мемлекеттік органдардың алдына халықтың барлық сауалдарына жедел және тиімді әрекет ету үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажет», - деді Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов. Бүгінгі таңда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сыр өңірінде осы идеологияның драйвері болып табылатын «Ақмешіт – Адалдық алаңы» аясында «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасаттылық мектебі», «Protecting business and investments» жобалары жүзеге асырылуда.
syrboyi.kz
29 қараша 2019 ж. 1 160 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031