Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан аумағына азаматтары кіргізілмейтін елдер мәлім болды

Қазақстан аумағына азаматтары кіргізілмейтін елдер мәлім болды

Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстан аумағына кіргізілмейтін болды. Аталған елдерде коронавирус жағдайының ушығуына байланысты еліміздегі мекемеаралық комиссия осындай шешімге келген. Бұл шектеу 8-наурыздан бастап күшіне енеді.

Бұл уақытқа дейін Қытаймен арада көліктің барлық түрі бойынша қатынас үзілген еді. Ал Иранмен әуе қатынасы бір рейске дейін, ал Оңтүстік Кореямен арада тоғыздан үш рейске дейін азайтылды. Енді бұл елдерден тек өз азаматтарымыз ғана әкелінеді. Әуе компанияларына осындай тапсырма берілген. Ал «елордада екі адам қайтыс болыпты», «Алматы облысы, Үштөбе ауылында вирус жұқтырған адам тіркеліпті» деген қауесеттерді Денсаулық сақтау министрі жоққа шығарды. Әзірге елімізде қауіпті вирус жұқтырған адам тіркелген жоқ. Нақты мәлімет осы. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус қаупі бар елдерді үш топқа бөліп қойған. Бірінші топтағы келдерден келгендер карантинге жатқызылса, қалғандары телефон арқылы бақылауға алынады. Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: - Бірінші «а» және «б» санаттағы жалпы 900-ден астам адам карантинде. Әр мемлекеттен келіп жатқан сегіз мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.



06 наурыз 2020 ж. 886 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930