Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті

Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Б.Сайлыбаев және департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментібасшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа арандату мен қарсы тұру барша азаматтың борышы екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Б.Сайлыбаев жемқорлықтың қоғамдағы салдары мен зияны жайында кеңінен тоқталып, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды және қызметтерін заң шеңберінде адал атқару қажеттілігі туралы хабарлады.
Шара соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсірілген бейнероликтер көрсетіліп, ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 ақпан 2020 ж. 1 274 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 197

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 180

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930