Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мезгілінде қозғалған мәселе

Мезгілінде қозғалған мәселе

Қазіргі таңда қоршаған ортаны, оның ішінде орман алқабымен жануарлар дүниесіне төнген қауіптің бетін қайтару күнтәртібіндегі мәселеге айналды. Себебі қаскөйлердің табиғат тепе-теңдігін сақтауға әсер ететін тіршілік иелері мен экологиялық апатты еңсеруге ықпалы бар желектерді отауы күн өткен сайын еселеніп барады. Бұндай қылмыс жасаған браконьерлердің жазадан жалтаруына мүмкіндік беруге болмайды. Марқакөлдегі оқиғаны тілге тиек етіп, қылмыс жасаушылардың жазасын ауырлату керектігін айтқан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын толық қолдаймын.
Бізді қоршаған ортаның белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып жаратылғандығына талай мәрте көз жеткізіп жүрміз. Қандай да бір жануардың жер бетінен жойылып кетуі табиғаттың бірқалыптылығына әсер етеді. Мәселен, тіршілік етуін доғарған жануар қоректенетін жәндік шамадан тыс мөлшерде көбейіп кетті делік. Бұл тиісінше егіннің зиянкес¬терге жем болуына әкеліп соқтырады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сол себепті адамзатпен жанаса өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны қорғап, браконерьлердің іс-әрекетіне тосқауыл қою кейінге шегерілмейтін мәселе болып отыр. Осы тұста мемлекет басшысының қылмыскерлердің жазасын қатаңдату керектігі туралы тапсырмасы көңілге медет ұялатқаны жасырын емес. Меніңше елдегі табиғатты қорғау ісімен айналысатын барлық әріптестерім күрделенген мәселенің шешімі осы деп біледі.
Ардақ КӘДІР, 
Қазалы орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің директоры
03 қыркүйек 2019 ж. 1 183 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930