Досыңа кітап сыйла
Кітап – білім бұлағы. Ол – білімнің қайнар көзі. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын тылсым дүниені, жаңа құндылықтарды үйренеді. “Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол” деп текке айтылмаған. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық.«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмірлік қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды.
«Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай бүгінде көркем әдебиетке қызығушылық азайды. Асыл қазынаға құлықсыздық пайда болды. Мұның себебін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Ал ата-аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине мұны нақты жауап деуге де келе қоймас. Өйткені, бұл жағдай көзіқарақты адамның бәріне мәлім.
Менің ойымша, қазіргі кезде баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша – мектеп – кітапхана – мұғалім – ата-ана» деген ара-жігі ажырамайтын сызбамен жұмыс жасау қажет. Балаға балабақша, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың қасиетін ұғындыру, жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету қажет.
Кітап неге оқылмайды? Айтылған сауалдың жауабын жан-жақты іздей отырып, балаларды қазақ әдебиетінен алыстатып алмау үшін, қызығушылығын арттыру мақсатында өзім жетекшілік ететін 3 «А» сынып оқушылары және ата-аналармен бірлесіп, «Досыңа кітап сыйла!» жобасын бастадық.
Бүгінге дейін 30-дан астам кітап жиналды. Әр аптаның бейсенбі күнінде бір-бірімен кітап алмасып отырады. Абайдың «Қара сөзі», «Батырлар жыры», «Әлем халықтарының ертегілері», спорт, жануарлар тақырыбындағы кітаптар, тіпті өздері сүйіп оқитын «Балдырған», «Айгөлек» журналдары да бар. Шәкірттерім кітаптан бір-біріне сыйлық жасап, оқыған шығармасы туралы пікір алмасып отырады. Жоба барысында қарапайым және мейірімге толы кітапты досына немесе отбасы мүшесіне сыйға тартуды үйренді. Сыйластық сезімдері оянды. Кітаптың құндылығын түсініп, бағалы сыйлық ретінде қабылдайды. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы, кітаптың қоғамдағы рөлін арттыра түсті. Адамзат баласының ой-санасын рухани жаңғыртатын бірден-бір құрал екеніне көз жеткізді.
Кітап – алтын қазына. Кітаптың өзі көнерсе де, сөзі жойылмайды. Сондықтан оны қастерлеп, қадір тұтыңыздар, үнемі биікке қойыңыздар дегім келеді.

Гүлмира ҚАБЫЛ,
Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта
мектеп тің бастауыш сынып мұғалімі
Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта
мектеп тің бастауыш сынып мұғалімі