Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредитті уақытында төлемесе, процент, комиссия үшін жаңа талап енгізілді

Кредитті уақытында төлемесе, процент, комиссия үшін жаңа талап енгізілді

«Банк және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді, – деп жазады «Спутник Қазақстан».

Бұдан былай банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың кредит бойынша қарызы 90 күннен асып кетсе, комиссия есептемейді. Жаңа ереже биылдан бастап күшіне енді.
«Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов.
Оның айтуынша, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке өсетін.
Енді биылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді.
«Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын», – деді вице-министр.
Еске сала кетейік, биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Бұдан былай табысы осы сомадан төмен азаматтарға кредит беруге тыйым салынды.
24 қаңтар 2020 ж. 1 165 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 143

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031