Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды

Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Табысы 29698 теңгеден төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынады, деп хабарлайды KTK.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен ұлттық банкіне табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды тапсырды.
"Банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан   Республикасы   азаматтарының 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығару жөнінде шаралар қабылдансын", - деп жазылған жарлықта.

Сондай-ақ президент ұлттық банкке өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша мынадай шаралар қабылдауды тапсырды.
Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты  тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынсын;
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынсын;  
Кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдансын.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді.
27 маусым 2019 ж. 1 665 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930