Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылық жасаған алғыс арқалайды

Жақсылық жасаған алғыс арқалайды

Аудан жастарының қайырымдылық істері жайлы бұған дейін де бірнеше мәрте газет бетінде жариялаған болатынбыз. Жақында жанашыр жастар тағы да үлгілі ісімен көзге түсіп, көпшілікті сүйсіндірді. “Мейірімді жастар жасағы” деген атпен жаңадан құрылған ұйым мүшелері Әйтеке би кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті зейнеткер, жалғызбасты қариялардың үйіне барып, ауланы қардан тазалап берді. Олардың үй шаруасына көмектесіп, алғыс алды.

Осы күндері толассыз жауған қардың себебінен көшелерде көлік қозғалысы қиындап, коммуналдық мекеме қызметкерлерінің жұмысы көбейген болатын. Олар күн көтерілмей тұрып қас қарайғанға дейін жүргіншілер мен көлік жолын тазартумен әуреге салынған еді. Мұны байқаған жасақ еріктілері көше тазалаушы қызметкерлерге ыстық шай мен түрлі тәттілер ұсынды. Сонымен қатар жақында ғана лентасы қиылған “Сезім” гүлдер дүкенінің жігіттері аналарға гүл шоқтарын сыйлап, көңілдерін көтерді. Бір топ жас мекеме қызметкерлеріне қол ұшын созып, аз уақытта қатып үлгерген мұзды оюға көмектесті. Ал жастардың жақсылығын көрген тазалық сақшыларының жүзінен ризашылық сезімін байқау қиын емес-тін.

“Жақсылықты бөліссең көбейеді” дегенді жете түсінген еріктілер өз жұмыстары туралы бейнероликті аудандық Жастар ресурстық орталығының фейсбук парақшасына жүктеді. Бірнеше сағаттың ішінде постқа ондаған әлеуметтік желі қолданушылары пікір қалдырып, қазалылықтар жастарға алғыс-тілектерін арнады. Бейнероликті жариялаушы жұмысшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау эстафетасын Қазалы қаласының жастары мен осы жылдың “Жас көшбасшы” номинациясының иесіне жолдаған.

Жастар ісімен айналысатын ұйымның мұндай бастама көтеруі көңіл қуантады. Оның үстіне аудан жастары жақсылық жасауға сұранып-ақ тұр. Мұндай қайырымдылық шаралардың жас өскіндерге де, халық ауызбіршілігіне де берері мол.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
21 қаңтар 2020 ж. 1 280 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930