Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымды жастар

Қайырымды жастар

Жуырда, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Достар алаңы» еріктілер клубының белсенділері «Біз – қайырымды жастармыз» деген ұранмен қайырымдылық акциясын бастады. Олар Қазалы ауданындағы әлеуметтік тұрмысы төмен, жалғыз басты жандарға қол көмегін беріп, қамқорлық танытуда. «Жаныңда жүр жақсы адам» деген қағиданы ұстанатын қазалылық мейірімді жастар осындай әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды жыл сайын атқарып келеді.
Бұл туралы Қазалы аудандық «Жас¬тар ресурстық орталығының» аға кеңесшісі Қуаныш Тоғысов:
– Біздер осы жылы «Достар алаңы» атты еріктілер жасағын құрған болатынбыз. Осы ретте жанарында оты, жүрегінде шуағы бар қыз бен жігіттер бірігіп, аудандағы түрлі шараларға белсене араласып келеміз. Енді, қыс мезгілі басталғалы бері жалғызбасты ардагерлердің, көпбалалы аналардың үйіне барып, өз еркімізбен қолғабыс көрсетіп жүрміз. Қыздар жағы әктеп-сырласа, балалар қоқыстарды сыртқа шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізуде. Бұл тек бастамасы деп отырмыз. Алда талай қайырымдылық шараларын өткіземіз деген ойымыз бар. Жігірелі, қайырымды жастар қолдан келгенше көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әзір, – дейді.
Қайырымды ұландардың осынау ісі кім-кімге болмасын үлгі өнеге екендігі айқын. Әлемде зұлымдық пен қатыгездікке қарсы тұратын мейірімділік пен қамқорлық көп болған жағдайда адамзат баласының көңілі тоқ болатындығы сөзсіз.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
12 желтоқсан 2017 ж. 2 504 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930