Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты гала-концерт өткізілді. Оның жоғары деңгейде өтуіне Әйтеке би кенті аппаратының Кенттік клубы мен «Жастар ресурстық орталығы» дәнекер болды.
Салтанатты шарада жастар саясатын жүзеге асырып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар еріктілер аудан әкімінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хатымен марапатталды.
Тағылымды басқосуда өнерпаздар қазалылықтарға көтеріңкі-көңіл күй сыйлап, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, көрермендер арасында түрлі ойындар ойнатылды.
Мереке барысында «Street dance life» заманауи би байқауы ұйымдастырылды. Көше биінің хип-хоп жанры бойынша өнер көрсеткен жиырмаға жуық жас өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жеке бишілер арасында үздік шыққандар алғыс хаттармен марапатталды.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
03 қыркүйек 2018 ж. 3 139 0

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 56

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 42

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031