Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі бір күнде 13 ауылдың тұрғындарымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі бір күнде 13 ауылдың тұрғындарымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Сырдария ауданында бір күнде 13 елді мекеннің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдарлы ауылы - Сырдария ауданындағы шалғай жатқан елді мекеннің бірі. Ауылда бірқатар проблема бар. Емхана ескірген. Балабақша баратын сәбилер саны көбеюіне байланысты қосымша екі топ ашу қажеттілігі туындап отыр. Тұрғындармен жүздесу барысында облыс басшысы емхананы жаңартуға назар аударылатынын жеткізді. Одан кейін облыс әкімі ауданға қарасты Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында болды. Бесарық ауылдық округіндегі «Абай Дәулет» ЖШС жұмысымен танысты. Тұрғындармен кездесу барысында аймақ башысы ауылда кәсібін жүргізіп, елді еңбекпен қамтып, ауылды көркейтуге атсалысып отырған шаруашылық иелеріне ризашылығын білдірді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықовтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген 215 млн теңгеге Бесарық ауылына кіреберіс жолды жөндеу биылғы қыркүйек-қазан айларында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттен әуежайдан бастап Қоғалыкөл мен Шіркейлі ауылдарына дейінгі жолды жөндеуге 380 млн теңге бөлінген. Аймақ басшысы Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінің де тұрғындармен кездесті.


16 қаңтар 2020 ж. 1 208 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930