Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қарлаң» көпірі қайта салынатын болды

«Қарлаң» көпірі қайта салынатын болды

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданында жұмыс сапарымен болып, ауданға қарасты 8 елді мекеннің жағдайымен танысты.

Дарияның арғы бетінде орналасқан Бірлік, Өркендеу, Тасарық, Лақалы, Қожабақы, Бозкөл сияқты ауылдар «Қарлаң» көпірі арқылы өтеді. Көпір арқылы жол қатынасы қиындап отырғанын айтқан тұрғындардың өтініші елеусіз қалмады. Аймақ басшысы аталмыш көпірді салу үшін жоба сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қуанышбек Досмайылұлы Түктібаев, Қожабақы, Бозкөл ауылдарында да болып, тұрғындармен кездесті. Бұл елдімекендегілер балабақша салынса деген тілектерін жеткізді. Аталмыш мәселені шешу үшін аудан әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы инвесторларды тартуы тиіс екенін айтты Қуанышбек Досмайылұлы.

Мұнан басқа аймақ басшысы Қазалы ауданының шалғай орналасқан Кәукей, Тасарық сияқты ауылдарына да барды. Кәукейдегі күрделі мәселенің бірі жолдың жайы болатын. 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген жолды жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, «Бозкөл-Кәукей» автожолы жөнделуде.

Облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы да назардан тыс қалмайтынын айтты. Өңір басшысының Қазалы ауданындағы жұмыс сапары ертең де жалғасатын болады. Қ.Ысқақов аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен, Майлыбас сияқты ауылдық округтерді де аралап көреді деп жоспарлануда.
Ақапарат үшін: Қазалы ауданында 80 мыңға жуық халық тұрады. 4457 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылы ауданға 33 млрд. теңге инвестиция тартылған.
10 қаңтар 2020 ж. 1 081 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031