Ипотека төлеушілер үшін салық жеңілдігі қандай?
Салық кодексінің 349-бабына сәйкес, ипотека рәсімдеген азаматтар салықты аздау төлеу мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек?
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген азаматтарға салықтық жеңілдіктер бұрыннан қарастырылған. Енді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші деңгейлі өзге банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік берілетін болды. Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар:
Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
Бұл жеңілдікті алу үшін не істеу керек?
Ипотека рәсімдеген азамат төмендегі құжаттарды жұмыс берушісіне тапсыруы тиіс:

- Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасаған несие шартының көшірмесі;
- Қарызды өтеу кестесінің көшірмесі;
- Өтеуді растайтын құжат (чек, төлем түбіртегі немесе ТҮҚЖБ-нен алынған үзінді көшірме.
Бұл мәселе Салық кодексінде бұрыннан бар болғанымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген кей жандар бұл ақпараттан бейхабар. Ол азаматтар бұған дейін өтіп кеткен 5 жылға да жеңілдік ала алады. Ол үшін өтініште несиені өтеген, алайда, жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді көрсету қажет. Өтініште тек соңғы 5 жыл ішіндегі уақыт аралығы көрсетілуі шарт. Жұмыс беруші қайтадан есеп жүргізіп, айырманы қайтаруға міндетті.