Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2018 жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция салынды, ол 2017 жылдан 8,1 пайызға артық. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспасөз конференциясында айтты.

Инвестициялардың негізгі үлесін – 86 пайызды жеке құрылыс салушылар мен халықтың қаражаттары құрайды. Мемлекеттің жұмсалған 1 теңге қаражатына жеке инвестициялардың 6 теңгесі тартылды.

Бұдан бөлек, «Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасының параметрлеріне сай болған кредиттік тұрғын үй құрылысы үшін әкімдіктерге 150 млрд теңге қаржы беруге дайын.

Вице-министрдің ақпараты бойынша, бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін 110 мың жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар тартылған. Биыл тағы 40 мыңға жуық жер учаскесі тиісті желілермен қамтамасыз етілетін болады. 2018 жылы халық тарапынан салынған тұрғын үй 2017 жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға артық болды.

2019 жылы Тұрғын құрылыс жинақ банкі өз салымшыларын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 59,7 млрд теңгемен несиелендірмек. Тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банк клиенттері үшін еліміздің барлық өңірінде берілетін болады. Мемлекеттік инвестиция есебінен 20 мыңнан астам пәтер (1,3 млн ш. м) салынады.
baq.kz
19 қаңтар 2019 ж. 1 214 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031