"Әйелдер ипотекасы" қандай шарттармен беріледі?
Тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасын жүзеге асыру үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" "Азия Даму Банкімен" біріге отырып, шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші - деп хабарлайды, krisha.kz - ке сілтеме жасап.
"Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Яғни әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз "Азия Даму Банкімен" бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз", - деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшысы Ләззат Ибрагимова.
Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған үйлер де, қайталама нарықтағы пәтерлер де кіреді. Кредиттің максимал сомасы - 30 миллион теңге. Алғашқы жарна - 15 пайыз. Бірақ ол әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Егерде жалақысы 200 мың теңгеден асатын болса, алғашқы жарна - 20 пайыз. Қазіргі таңда пайыздық мөлшерлемесі әлі белгісіз. Ол туралы кейінірек айтылады.