Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар үшін жаңа салық жеңілдіктері енгізіледі

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар үшін жаңа салық жеңілдіктері енгізіледі

2020 жылдан бастап көп балалы отбасының ата-аналарының біріне әрбір ай сайын 23 АЕК, отбасының әрбір ата-анасы үшін 12 АЕК салықтық шегерімдер беріледі, бірақ ата-аналардың екеуі үшін 282-АЕК-ден аспайтын мөлшерде белгіленген күнтізбелік жыл үшін жиынтық салық шегерімдері қарастырылған.

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған өзгертулер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI (Салық кодексі) 347-бабымен қарастырылған.

Көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерімдер жеке тұлғада күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балаларға шегерім қолданылатын жағдайда, осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен растауы қажет.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салықтық шегерімдері қолдану туралы жеке тұлғаның өтінім нысаны бекітілді. Аталған салық өтінімін жұмыс берушіге (салық агентіне) ұсыну қажет.
06 мамыр 2019 ж. 1 354 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930