Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстазға қосымша тапсырма бергендер енді 300 мың теңге айыппұл төлейді

Ұстазға қосымша тапсырма бергендер енді 300 мың теңге айыппұл төлейді

Бүгін Үкімет отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктегендерге айыппұл салынатынын айтты.
"Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК 2525 теңгені құрайды.
"Педагог мәртебесін арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Сонымен қатар қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады", - деді Асхат Аймағамбетов.
27 тамыз 2019 ж. 1 475 0

Қар суынан тазартылуда

13 қаңтар 2026 ж. 139

Үш облыста жол жабылды

12 қаңтар 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031