Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгенің безеуі сізге жұғады

Өзгенің безеуі сізге жұғады

Kyzylorda-news.kz. Өлімге апаратын қауіпті бактериялар! Түрлі герпес, стафилококк және ішек аурулары. Дәл осындай микробтар әйелдердің косметика ұстайтын сөмкелерінен шығып жатыр. Бұл туралы Евразия арнасы айтады.  
Британияның ғалымдары түрлі опа-далаптарды жағатын заттарды зерттеп, осындай мәлімдеме жасап отыр.
Миллиардтаған бактерия мен микроб! Бұрымдылардың сөмкесінде осындай көзге көрінбейтін бактериялар өріп жүр! Салдарынан, қыз-келіншектер бетке шығатын түрлі тері ауруларына шалдығып, тіпті герпестің ең қауіпті түрін жұқтыруда дейді косметологтер!
«Сіз келіп тұрсыз макияж жағуға, сіздің алдыңызда ол макияжды безеу ауруымен шалдыққан адамға жасады дейік. Бетінде іріңдер бар не болмаса  басқа да микоздар, яғни, грипковые заболевание, сондай ауруға шалдыққан адам болса, ол келесі адамға сол кисточка арқылы ана адамға науқасқа жұғады», – деді косметолог-дерматолог Динара Маликова.
Ғалымдар косметиканың ең қауіпті бес түрін анықтаған! Олар ерін далабы, ерін жылтыратқыш, көз контурын реттейітіндер, кірпік бояғыш және губкалар. Бактериялардың ең көп шоғырланғаны жері де осы заттарға тиесілі. Мәселен, аса көзге түспейтін спонждың өзінде миллионнан астам бактерия тіркелген. Ең сорақысы, дәл осы сауалнамаға қатысқан  93% арулардың губкаларын жумайтындарын айтыпты.
«Грим жағамыз, тойымыз бар, басқа да іс-шараларымыз бар. Сол себептен ол жерде барлық спонжиктар немесе кисточкаларды  залалсыздандырмайды. Яғни, бір клиенттен екінші клиентке  сол инструмент арқылы қаншамалықты бактериялар не болмаса аурулар жұқтыруы көп кездесіп жатады», – дейді косметолог.
Осы ретте арулардың өздері макияж жасауға арналған құралдарын тазалай ма деген сұрақты қойып көрдік. Нәтижесі әркімді де шошытады.
«3 ай, 4 ай. Бірақ кисточкаларды ұзақ қолдана беруге болады», «Ай сайын ауыстырып отырамын. Кейде болады тональный крем біткен кезде ауыстырамын. Жоқ, қарамаймын», «Мен де ауыстырамын. Бірақ, жиі емес. Шамамен  3 айда, 2 айда», – дейді олар.
Осылайша стафилокок, ішек таяқшаларын, герпес жұқтырып алғыңыз келмесе қазірден бастап тазалық шарттарын сақтаңыз дейді мамандар.  
15 желтоқсан 2019 ж. 741 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 90

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 86

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930