Ортақ пайдалануға болмайтын заттар
Жеке гигиеналық кей заттар түрлі жұқпа тасуы мүмкін. Мысалы: қына, дисбактериоз, ұшық, гепатит. Сондықтан, тіпті, жақындарыңызға да беруге болмайтын заттар тізімін ұсынамыз.
1. Сүлгі Басқа біреудің ылғал сүлгісіндегі бактериялар мен зең безеу, қышыма және конъюнктивит шақыруы мүмкін. Оны болдырмас үшін өзіңіз де әр төрт рет қолданған соң сүлгіңізді жуу керек және әр қолданған сайын толықтай кебуін қадағалау қажет. Қонаққа барғанда қағаз майлықтар қолданған жөн.
2. Тіс щеткасы Тіс щеткасы әрдайым ылғал күйінде жылы жерде тұрады. Сондықтан ондағы ауру тудыратын микроағзалар өте жылдам көбейеді. Сол себепті біреудің тіс щеткасын, жуынатын ысқышын (губка) және аяққа арналған пемзасын қолдануға болмайды. Ал өзіңіздің жеке гигиеналық заттарыңызды жиі ауыстырып тұру керек.
3. Ұстара, қысқыш (пинцет), маникюр қайшысы Қырыну кезінде ұстараның жүзі терінің бактериялармен араласқан өлген жасушаларын жинайды. Егер ұстараны жақсылап жуып, толықтай кептірмесе, ол қына, фолликулит және кандидоз қоздырғыштарына арналған ортаға айналады. Сондықтан дәрігерлер ұстараға жиі дезинфекция жасауды ұсынады.
4. Косметика Ерінде түрлі микробтарға сезімтал келетін қантамырлар бар. Ұшықты басқаның ерін далабы немесе макияжға арналған жаққышы арқылы жұқтырып алуға болады. Бірақ ол көбінесе ұшығы бар адамның косметикасын қолданғанда қауіпті. Осы себепті де дүкендегі косметика сынаспаптарына (пробник) тимеген жөн.
5. Құлаққап Құлық қышқыл орта түзеді және жұқпаның көбеюіне жол бермейді. Бірақ ол саңырауқұлақтарға кедергі емес. Шамамен 7% адамдарда құлақ саңырауқұлағы бар. Егер басқаның құлаққабын қолданатын болсаңыз, оны дезинфекциялауды ұмытпаңыз.
zhambylnews.kz