Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар

Бұл құрылғыларды медициналық мекемелердің әжетханаларына орнатуға болмайды. Зерттеушілер қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті бактериялар таратады деген қорытынды жасады, деп жазады sputniknews.kz. Зерттеулер көрсеткендей, бұл құрылғыларды медициналық мекемелердің әжетханаларына орнатуға болмайды, өйткені бактериялық инфекциялардың таралуына әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдар Франция, Италия және Ұлыбританиядағы ауруханалардың әжетханаларында патогендердің таралуына сараптама жасады, олар қолға арналған кептіргіштер қойылған әжетханалар мен қағаз сүлгілерді пайдаланатын мекемелердегі бактериялар деңгейін салыстырып қараған. Зерттеу барысында анықталғандай, кептіргіш құралдардың пайдалану бактериялардың көп таралуына әкеп соғады, олардың кейбірін тіпті дәрі-дәрмектің көмегімен де ағзадан жою мүмкін емес. Яғни, кептіргіштер дұрыс жуылмаған қолдардағы микробтарды ұшырып әкетіп, айналаға бактерия "бүркіп" тұрады. Ал иммунитеті төмен науқастар сол бактерияның салдарынан дертке шалдығуы мүмкін. Сол себепті ғалымдар қолдағы ылғал мен микробтарды бойына сіңіріп алатын қағаз сүлгілерді пайдалануға кеңес береді.
ERNUR.KZ
10 қыркүйек 2018 ж. 1 746 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 162

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031