Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды

2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды

Мектептер 2020 жылы латын әліпбиіне көшпейді. Себебі, жаңа қаріп әлі пісіп-жетілдірілмеген. Сондықтан Білім министрлігі жаңа әліпби ресми бекітілген соң ғана оны қолданысқа енгізеді.

Латын әліпбиінің соңғы нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңілі толмаған еді. Содан кейін бұл мәселені тереңінен зерттеген Білім министрлігі жұмыстарды әзірге тоқтатуға мәжбүр. Министр Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру – өте ұзақ жұмыс. Сондықтан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тек тиісті ережелер бекітілгеннен кейін ғана әзірленбек. Айта кетсек, латын графикасы жұмыстарымен қазір Мәдениет министрлігі айналысып жатыр. Нақты ереже бекітілгеннен кейін ғана Білім министрлігі өзіне тиісті жұмыстарға білек сыбана кіріспек.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Әзірге, пысықталып, бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектептер латын әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен пилоттық жоба жүзеге асырылады.
06 желтоқсан 2019 ж. 1 356 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 81

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 81

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 71

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930