Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымшылдықпен үйренейік

Ұйымшылдықпен үйренейік

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуді және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан бо¬латын. Көп ұзамай өткен жылдың қазан айында Президент Жарлыққа қол қойып, егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.
Үкіметіміздің іске асырып жатқан «Үш тұғырлы тіл», қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру саясаты ана тіліміздің өзінің ішкі мүмкіншіліктерін пайдалана келе, өсіп-өркендеуіне, өркениетті елдермен, дамыған тілдермен қатынасқа түсіп, өрісінің кеңеюіне жасалып отырған ізгі қадам деп түсінемін. Сондықтан туған тіліміз бәсекеге қабілетті, ықшам, оралымды, икемді, өміршең болсын десек, ғасырлар бойы жинаған құндылықтарымызды жоғалтпай, бүгінгі деңгейімізді тұрақтандыра отырып, келешегімізді бағдарлайық, тілімізді құрметтейік.
Қазақстан Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Халық көңіліне қонымды қазақ тілінің латын қарпіндегі жаңа әліпбиімен мен де таныстым. Тіпті қиындығын байқамадым десем болады. Сондықтан жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен өскелең буын жаңа латын әліпбиін құлшына оқып, үйренуге бет бұрғандары жөн.
Раиса ТАСЫБАЕВА,
Қазалы аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы.
23 ақпан 2018 ж. 1 418 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031