Латын әліпбиіне көшу –өз әліпбиімізге оралу...
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағадарламалық мақаласында негізгі мәселе – латын әліпбиіне көшу. Латын әліпбиі елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш.
Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып табылады. Латын әліпбиіне көшу болашақ үшін маңызды. Қазіргі таңда кирилицца жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланатын болса, ал қалған мемлекеттердің 80 %-ы латын әліпбиін қолданады. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең. Латын әліпбиі ағылшын тіліне ұқсас болғандықтан үйренуде жеңіл болары белгілі.
Латын әліпбиі қазақ әліпбиінің табиғи ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді. Латын әліпбиі қазақ әліпбиінің табиғи ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді. Латын әліпбиі – халықаралық байланыс құралы. Бұл жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін қадам. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Латын тілі жаңа технология тілі. Латын алфавитіне көшу-заман талабы. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болсада этнос үшін өте маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болсада этнос үшін өте маңызды. Латын әліпбиіне кіру әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет.
Латын әліпбиіне көшу –өз әліпбиімізге оралу деп түсінеміз.
Ақмарал ӘЛИЕВА,
Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы