Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырлы қалаға саяхат

Сырлы қалаға саяхат

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалар аясында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің «Өнеге» музейлік жобасы бойынша оқушылар ежелгі Жанкент қалашығына саяхаттады.
Экспедиция барысында бірлестік мүшелері мен Өркендеу ауылдық округінің кітапханашысы Несібелі Нұрадин ертеден халық ауыз әдебиеті арқылы бүгінге жеткен әңгімелерімен бөлісті.
Археологиялық деректерге сүйен­сек, бұнда ерте ортағасырлық кезеңге жатқызылатын тұрғын үйлердің ішкі дизайнынан қалашықты мекендеген тұрғындардың құрылыс салу техникасын жақсы меңгергенін аңғаруға болады.
Көпшілік бөлмелердің еденіне толықтай күйдірілмеген саз кірпіштер төселген, жылу жүйесі де жақсы салынған, атап айтқанда әр отбасы бөлігі 2 немесе 3 бөлмеден тұратын «үй жайларда» орналасқан. Орталық бөлмеде тандыр пеш болған, ал бөлме ортасында өлшемдері 100х60 см болатын ашық ошақтар салынған. Ошақтардың алдыңғы бөлігінде (кіреберіс жағы) міндетті түрде қошқар бейнесінде жасалынған терракоталық тұғырнамалар қойылған. Бұл қошқар бейнесіндегі бұйымның тіл-көзден, жаманшылықтан сақтап тұратын қорғаушы қасиеті бар деген сенім болса керек.
– Жанкент қалашығында жыл сайын тұмшалау жұмыстарымен қатар, қазылған нысандарды сақтау, уақытша бекіту іс-шаралары жүргізіледі. Көріп тұрғандарыңыздай қазба маусымында ашылған тұрғын-жайларды сақтау және жауын-шашыннан қорғау мақсатында шатыр жабылған. Қазба сырты темір қоршаумен қоршалған. Келер жылы да зерттеу жұмысы жалғасын табатын сияқты. Археологиялық жұмыстардың түпкі мақсаты – тарихи-мәдени нысан орнын ашық аспан астындағы музейге айналдыру жолындағы алғашқы қадамдар, – деді музей директоры Роза Асанова.
Жанкент қалашығы туралы аңызға бергісіз әңгімелерді ұйып тыңдаған оқушылар көне қала орнын аралап, алған әсерімен бөлісті.
– Мен Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі жанындағы «Жас Ғанитанушылар» үйірмесінің мүшесімін. Тарихы кемел Жанкент шаһарына алғаш рет келіп тұрмын. Ескі шаһар туралы көп мәліметке қанықтық. Маған әсіресе Санжар хан мен Бегім сұлу туралы аңыз ерекше әсер қалдырды. Бұл аңыз астарынан ақ адамға әрқашан Құдай жақ екенін, жазықсыз жала жабудың ақыры жамандыққа апаратынын ұғындым, – дейді Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің 7 ә сынып оқушысы Сымбат Жетіру.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
30 қараша 2019 ж. 1 144 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930