Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы қызмет – мерейлі міндет

Сапалы қызмет – мерейлі міндет

Жер кадастры ауданда 1999 жылы Қызылорда еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Қазалы аудандық жер кадастры жұмыстары филиалы болып құрылды.
2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация акционерлік қоғамы құрамындағы Қазалы жер кадастры бөлімшесі атанды. Осы жылғы қыркүйек айында жылжымайтын мүлікті тіркеу мекемесі оңтайландырыла келе, жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөлімшесіне айналса, 2018 жылы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөлімі болып өзгерді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы  бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөлімі өз міндетін жүйелі атқарып келеді. Бөлімнің негізгі жұмыстарына жер кадастры бағыты бойынша: тұрғын үй құрылысын салуға, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, ауылшаруашылығы мақсаты, бағбандық, саяжай, кәсіпкерлік мақсатта және заңды тұлғалар, мемлекеттік емес тұлғалардың жер учаскесіне мемлекеттік стандартқа сәйкес жер кадастрлық жұмыстарын жүргізу, жерге орналастыру жобасы, қазық қағу (өлшеу), жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын рәсімдеу, жер учаскесін кадастрлық бағалау /құнын/ анықтау, жер учаскесі жөнінде мәлімет беру және басқа қызметтер кіреді.
Жылжымайтын мүлік бағыты бойынша: жылжымайтын мүлікке техникалық құжат дайындау, тұрғын үйді салыққа бағалау, жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу де атқарылады.
Тұрғындарға түсінікті болу үшін, жер учаскесіне құжат рәсімдеуге жеке тоқтала кетсек: мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жер кадастры қызметтері өз ретімен, яғни кезең-кезеңімен орындалады. Жер учаскесіне алғашқы құжат рәсімдеу тиісті мекемелердің қорытындысы және алдын ала таңдауы жасалғаннан кейін меншік иесінің өтінішімен жерге орналастыру жобасы әзірленеді. Бұл өз кезегінде /жазғы және қысқы мезгілге байланысты/ 20-30 күнтізбелік мерзім ішінде жүргізіледі. Жерге орналастыру жұмыстарынан кейін осы жоба Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімінің бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес жергілікті әкімдіктен шешім шығарылып, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты әзірленеді. Атап айтқанда бұл қызмет түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы   бойынша филиалының Қазалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі.
Алдағы уақытта да көпшілікке барынша сапалы да жедел қызмет көрсетуге әзірміз.
Жұлдыз КЕРУЕНБАЕВА,
Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазалы аудандық бөлімінің маманы.
15 қазан 2019 ж. 1 587 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930