Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мазмұны бөлек жәрмеңке

Мазмұны бөлек жәрмеңке

Басықара ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторинг бөлімі мен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп ұйымдастырған шараға көпшілік қызығушылығы жоғары болды.

Халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейтуді мақсат тұтқан жәрмеңкені ұйымдастыру арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын кеңейту көзделген. Бұл күні мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы жайы кеңінен түсіндірілді.

Жәрмеңкеге бұл бағыт бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту жайы туралы тұрғындар тарапынан қызығушылық танытқан тақырыптарға орай аудан орталығы мен жергілікті жəне аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып, egov.kz электрондық үкімет порталы жұмыстары көрсетілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі және электронды қызметтерді алу тақырыптарында ақпараттық кітапшалар таратылып, қызмет алушыларға «Digital agent» мобильді қосымшасымен жұмыс істеу шаралары таныстырылды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 қазан 2019 ж. 963 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930