Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар тәрбиесі жіті назарда

Жастар тәрбиесі жіті назарда

Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жастар. Қоғам. Болашақ» жобасы аясында Әйтеке би кенті әкімдігінің мәжіліс залында аудан жастары Қазалы ауданы полиция бөлімінің басшысы подполковник Сәбитбек Арыновпен кездесті. Шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ауылдық округ, кент және қала бойынша жас мамандар, колледж студенттері мен оқушылар қатысты.
Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайы ортаға салынды. Полиция басшысы жастар арасында топтық төбелестің тыйылмай тұрғандығын тілге тиек ете келе, оған тосқауыл болу жолдары қолға алынғандығын жеткізді. Бұл ретте ата-ана, ұстаз және полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарса деген ұсынысын білдірді. Түнгі рейдтің де тоқтамайтындығы айтылды.
Сондай-ақ, кездесу кезінде әлеуметтік желі қолданушылары және қатысушылар тарапынан қойылған «Халық неге полиция қызметкерлеріне суық қарайды?», «Полиция қызметкері болу үшін қандай оқу орнын таңдау керек?», «Жастардың қылмысқа баруына басты себеп не?», «Жасөспірімдер арасында қылмыстың қай түрі белең алған?» және тағы басқа сауалдарға жауап берілді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
17 қыркүйек 2019 ж. 1 163 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930