Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын беру шариғатта жоқ

Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын беру шариғатта жоқ

Елімізде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады. Жұрт күліп кетеді деп, дүниеден өткен адамды жерлеуден кейін жүздеген адамға ас берілді, шапан, тақия, орамал, таратылды. Жалпы, кісісі өлген қаралы үйдің осыншалық деңгейде шашылып, шабылуы дұрыс па?

Оған қатысты уағыз айтып жүрген имамдардың да желіде тарап жүрген пікірлері әртүрлі. Бірі жетісін, қырқын және жылын беру шариғатта жоқ десе, енді бірі мұны жасамаған адам мұсылман емес деп кесіп айтқан. Сонымен кімдікі дұрыс? Бұл ғұрыптар шынында шариғатқа қайшы ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бақилық болған адамның артынан әр өңірде жетісін, қырқы мен жылын өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Яғни қазан-қазан ет асып, қатар-қатар аста-төк дастархан жайылады. Осы мәселеге келгенде түрлі діни пікірлер көбейді. Еліміздің тұңғыш мүфтиі бұл ғұрып шариғатымызда бар екенін айтқан.
«Жетісі, қырқы, жылы шариғатта бар. Ал бар болса, міндетті ма, жоқ ерікті ме деген сауал туады. Ерікті», - деген еді Рәтбек қажы Нысанбайұлы.
Ал танымал теолог, дін насихатшысы Арман Қуанышбаев ас беру деген шариғатымызда бар дейді. Алайда оның пікірінше, жетісін, қырқын, жылын өткізу шариғатта беліленбеген.
«Ананы да мынаны да жақтау емес мақсат. Бұл жерде шариғаттың үкімі. Расында да қырқы, жылы деп белгіленбеген. Ол шариғатымызда жоқ нәрсе», - дейді теолог, ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Арман Қуанышбаев.
Осылайша бұл мәселеге қатысты пікір әртүрлі болып отыр. Осы себепті Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасынан ел арасында сіңісіп кеткен ғұрыптарға қатысты пікір сұрап көрген едік. Басқарманың пәтуа бөлімінің маманы жетісі, қырқы мен елуіне қатысты нақты бір үкімі жоқ дейді. Бірақ топырақты өлімді торқалы тойға айнылдырып жіберуге болмайды.
«Салт дәстүр ретінде қалыптасқан халықта. Яғни ол жердегі мақсат - жаназаға қатыса алмаған туған туыстарының, жора жолдастың бастарын қосып, сол жердегі көңіл айту», - деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, пәтуә бөлімінің маманы Бөлтірік Мұхаммедияр.
Жалпы ел алдында уағыз айтатын имамдардың пікір қайшылығы бұған дейін де болған. Естеріңізге салсам, өткен жылы дінтанушы Ризабек Батталұлының мешітке жиналған жамағат алдында "шариғат әйелді ұруға рұқсат береді" деген уағызы әлеуметтік желіде біраз шу болған еді. Осындай жағдайлар қайталанбас үшін діни басқармасы имамдардың бірізділікпен сөйлеу, Құран аяттарын, хадистерін дұрыс жеткізу жыл сайын олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп келеді.
«Қазақстан бойынша 300-ге тарта насихат тобы бар. Біз әр жыл сайын имамдарымыздың, дін қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отырамыз. Жалпы мынау шешендік өнер бойынша, мақала жазу бойынша», - деді ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы.
Діни басқарма мамандарының сөзінше, барлық имамның деңгейі бірдей емес. Кезінде кадрлар өте тапшы болды. Діннен, Құраннан аз-маз хабары барлар имам болып кете барды. Соның салдарынан өзі не білсе, соны айтып, көпшілік арасында насихаттап жүрді. Ал қазір дін насихатшыларына асығыстықпен пәтуа бермеуді, "Құран, хадис ақиқатты айтып тұр" деп барлық жерде айта беруге болмайтынын ескертіп келеді екен.

20 тамыз 2019 ж. 19 107 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930