Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі абыз "ассалаумағалейкум" сөзін неге айтуға болмайтынын түсіндірді

Белгілі абыз "ассалаумағалейкум" сөзін неге айтуға болмайтынын түсіндірді

Қазақстандық абыз "ассалаумағалейкум" сөзін неге айтуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі тәңірші Тоқтар Абыз бұл діни түсініктегі сөз, қазаққа жат деп кесіп айтты. Тіпті имамдардың өзі "ассалаумағалейкум" деген сөздің мағынасын ашып айтуға қауқарсыз дейді ол. Қазақ даласына дін келмес бұрын ата-бабамыз "армысың" деп амандасқан деген деректі алға тартты абыз.

"Бұл сөз бізге жат. Дүниетанымдық, араби, құрани түсінік. Дін даламызға келгенше "армысың" деп амандасқан. Кез келген азамат ұлтымның абыройын сақтаймын десе "армысың" деп айтқан. Осы күнге дейін "ассалаумағалейкум" деген сөзді имамдар әлі түсіндіріп көрген жоқ", - дейді Тоқтар Абыз.

Тәңірші дін келмес бұрын амандық сұрағанда қандай ерекшеліктер болғанын айтып берді. Ол бұл үрдіс Қызыр атамен тікелей байланысты болған дейді.

"Қазақ көкейді басып тұрып "армысың" деп сұраған. Содан кейін амандасып, қол алысқанда бас бармаған ұстаған. Өйткені бізде Қызыр ата деген бар. Сол Қызыр бабаның бас бармағында сүйек болмаған екен", - дейді Тоқтар Абыз.
stan.kz
22 шілде 2019 ж. 4 003 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 609

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 053

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031