Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төл мерекедегі марапат

Төл мерекедегі марапат

 Қазіргі таңда ауданда құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Жаңадан бой көтерген мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік және әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары бүгінде кент келбетіне айрықша ажар береді. Мұның барлығы сала мамандарының еңбегі екенін атап өткен жөн. Ал тамыздың 11-і күні республика бойынша Құрысшылар күні тойланады. Осыған байланысты бейсенбіде “RR” мейрамханасында салтанатты жиын өтті.

 Құрыш қолды құрылысшылар ортасында болған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала ардагерлері мен туған жердің көркеюіне аянбай еңбек етіп жүрген мәртебелі мамандық иелерін мерейлі мерекемен құттықтады. Өзгелерден озық шыққан азаматтарға облыс және аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
 Сонымен қатар өңірдегі автокөлік саласының дамуына белсене атсалысқан «Қазалы Жолаушы» серіктестігінің директоры Бекқали Бекбауылов, «Қазалы Жолшы» ЖШС директоры Серік Өтегенов, директордың орынбасары Дос­болат Әбжалелов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әліби Әбиев пен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов «Қызылорда облысының автокөлік саласының құрылғанына 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бұдан бөлек құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызмектерлері салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісіне лайық деп танылған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Еділғали Әлішев қошеметке бөленді.
 Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, «Промстройсервис» ЖШС директоры Манарбек Еспенбетов, құрылыс саласының ардагері Әли Кәдірқұлов, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбай Әлімбаев, «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов, кент әкімі Жарасхан Мұратбаев, тағы бас­қалары жергілікті құрыш қолдыларға жүрекжарды тілектерін арнады.
 Құрылыс саласы қызметкерлері мен ардагерлерінің төл мерекесіне орай жиын барысында арнайы сыйлықтар табысталды. Ал өнерпаздар әннен шашу шашып, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
10 тамыз 2019 ж. 1 574 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031