Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төртінші буын ата кәсібін жалғастырған

Төртінші буын ата кәсібін жалғастырған

Қазалы локомотив жөндеу зауытында кәсіптерін мейлінше сүйетін азаматтар көптеп кездеседі. Ұзақ жылдан бері тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ағайынды Серімбетовтер әріптестеріне ауызбіршіл күшімен, үлгілі ісімен таныс.

Ағайындылардың үлкені Қасымхан жарты ғасыр ғұмырын осы ұжымда өткізген тәжірибелі жөндеуші.

«Елу жылда ел жаңа» десе де, электр аппараттарын жөндеу цехының мақтаулы маман бір рет те жауапкершілік жүгіне жеңіл қараған емес. Тепловоз дамыған сайын, оған жалғанатын электр желілері да күрделене түседі. Әр сымды жазбай танып, оның жалғау жолын меңгерген Қасымхан Қарлыбайұлын желі тынысын жазбай табатын дәрігер іспетті.

Оның жолын қуған інілері Батырхан — слесарь, Марат — электр-газбен дәнекерлеуші, Тәуірхан — генераторшы. Әзілхан атты інісі де бір кезде осы ұжымда токарь болып жұмыс істеген.

«Біздің тағдырымыздың темір жолмен тоғысуы кездейсоқ емес. Әкеміз де болат жолдың тарланы. Атамыз да зауыт құрылысын қалауға атсалысқан жанның бірі екен», — дейді Қасымхан. Серімбетовтер әулетінің саладағы ортақ еңбек өтілі ғасырдан астам уақытты қамтиды. Бүгінде төртінші буын теміржолшылары тәрбиеленіп келе жатқан отбасы ата кәсіпті ардақтап, оны лайықты мақтаныш етеді.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
16 сәуір 2019 ж. 1 311 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 54

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 41

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 55

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 54

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 56

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031