Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларға қауіпті онлайн ойындар мен қосымшаларды бұғаттау ұсынылды

Қазақстанда балаларға қауіпті онлайн ойындар мен қосымшаларды бұғаттау ұсынылды

Фото: Pexels
Жаңа заң жобасына қауіпті онлайн ойындарды бұғаттау, ата-ана бақылауын енгізу және балаларға арнайы ID-карта жасау талаптары енгізілмек . Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Құрылтай депутаты Динара Закиева балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы жаңа заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, құжатта балаларды интернеттегі қауіптен қорғауға бағытталған бірқатар өзгеріс қарастырылған.
Атап айтқанда, онлайн ойындар мен қосымшалардың мазмұны туралы толық ақпарат беру міндеттелуі мүмкін. Мысалы, ойында басқа адамдармен хат алмасуға немесе ақша жұмсауға бола ма, жоқ па – мұның бәрін алдын ала көрсету ұсынылды.
"Жаңа қауіптер мен технологиялардың дамуын ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шаралар ұсынылды. Оның ішінде онлайн ойындар мен қосымшалардың мазмұнын арнайы белгілеу, олардағы хат алмасу және ойын ішінде ақша жұмсау мүмкіндігі туралы ақпарат беру талаптары бар", – деді Динара Закиева.
Сонымен қатар онлайн ойындар мен қосымшалар уәкілетті мемлекеттік органның міндетті тексеруінен өтпек. Егер олардың балаларға қауіп төндіретіні анықталса, мұндай ойындарды интернеттен алып тастау немесе бұғаттау ұсынылып отыр. Ал заң талаптарын орындамаған платформалардың иелері жауапқа тартылмақ.
Депутаттың айтуынша, жаңа талаптар интернет-дүкендерге де қатысты болады. Атап айтқанда, балалардың маркетплейстер арқылы тауар сатып алуына байланысты қауіпсіздік шараларын енгізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, барлық цифрлық платформада ата-ана бақылауы функциясын енгізу де ұсынылды.
"Балалар үшін арнайы сүзгі енгізіледі. Соның нәтижесінде тиісті белгісі жоқ және мемлекеттік тексеруден өтпеген цифрлық өнімдерді, ойындар мен қосымшаларды балалар көре алмайды. Оларға қол жеткізуге немесе жүктеп алуға да мүмкіндік болмайды", – деп түсіндірді депутат.
Заң жобасында балаларға фотосуреті бар арнайы ID-карта енгізу де қарастырылған. Динара Закиеваның айтуынша, бұл баланың жеке басын нақты анықтауға, интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, жаңа заң жобасын әзірлеуге жасанды интеллект те қатысқан. Депутаттың сөзінше, құжат AI Majelis платформасының көмегімен дайындалған көрінеді.
"Бұл – AI Majelis жасанды интеллект платформасының көмегімен әзірленген алғашқы заң жобасы. Арнайы оқытылған құқықтық модель заң жобасының мәтінін дайындауға тікелей пайдаланылды. Соның нәтижесінде жаңа технологиялар мен қауіптерді ескеретін кешенді шаралар ұсынылды", – деді Динара Закиева.
Алайды ұсыныстарды жасанды интеллект әзірлегенімен, депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар құжатты қайта қарап, толықтырулар енгізген. Жалпы заң жобасында 120-дан астам түзету қарастырылып отыр. Құжат Үкіметтің қорытындысына жолданып, кейін жұмыс топтарында талқыланатын болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 3-сынып оқушыларына жасанды интеллект көмегімен ертегі құрастыру тапсырылғаны қоғамда қызу талқыланған еді. Желі қолданушыларының бірі мұндай тапсырмалар балалардың өз бетінше ойлауына және шығармашылық қабілетінің дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, наразылық білдірген.
16 қараша 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30