Қазақстанда 20 градусқа дейін жылы болады
Оңтүстікте күн +20 градусқа дейін жылынады
Синоптиктердің болжамынша, 17–19 қарашада жоғары қысымды аймақ елдің шығысына қарай ығысады. Оның әсерінен шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндіз елдің оңтүстік-батысында ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін, оңтүстігінде +10…+20 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығысында +10…+18 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен шығыста +5…+10 градус жылы болады деп күтіледі.
Сонымен қатар солтүстік пен орталықта күндізгі температура -1 мен +4 градус аралығында болады.
Қазақстанға қар, жаңбыр және көктайғақ келеді
Алдағы күндері антициклонды солтүстік циклонның терең жырасы алмастырады. Ол алдымен батыста, кейін елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райын нашарлатады.
Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейеді деп болжанады. Түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігінде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында тұман түсуі мүмкін.
Түнде температура -18 градусқа дейін төмендейді
Кей аймақтардағы күндізгі жылымыққа қарамастан, түнде елдің барлық дерлік аумағында төмен температура орнайды. Қазақстанның орталығында, сондай-ақ шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында термометр бағаналары -13…-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қазақстанда қараша айы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың қарашасы Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп күтіледі. Дегенмен, ел тұрғындарына тұрақты жылы ауа райына сенудің қажеті жоқ. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасын және температураның күрт ауытқуы болжанады. Кей күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін.












