Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер кодексіне енген өзгерістер түсіндірілді

Жер кодексіне енген өзгерістер түсіндірілді

ҚР Жер заңнамасының принциптері мен міндеттері жерді табиғи ресурс, халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау, жерді қорғау және ұтымды пайдалану, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдығы, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуға негізіделген.
Осы ретте, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жер заңдарының бұзылуын анықтау және жою, мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың жер заңдарының сақталуына, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу жүктелген болатын.
Аталған мәселелерді түсіндіру мақсатында Қазалы аудан әкімдігінде «Жерді бақылау саласындағы тексеру және әкімшілік іс жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жарасхан Мұратбаевтың төрағалығымен өткен семинар-кеңеске облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Руслан Баймаханов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары, кент, қала, ауылдық округ әкімдері мен заңгер мамандар қатысты. Руслан Баймаханов «Жердің пайдаланылуы мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі, яғни Кәсіпкерлік Кодексі талаптарының сақталуы мен Жеке тұлғалармен орын алған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізу тәртібі, яғни Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс талаптарының сақталуы туралы баяндады.
Сонымен қатар, Руслан Баймаханов ҚР жер кодексінің жаңа редакцияда жазылып, тармақшамен толықтырылған 145,146,147-баптарына тоқталды.
Жеке тұлғаның жерді пайдалануы мен қорғауына тексеру жүргізу тәртібінен бастап, әкімшілік іс жүргізу реттілігі мен әкімішілік істі қарау мерзімдерін атады. Әкімшілік айыппұлды өндірудің де тәртіптерін түсіндірді.
Семинар-кеңес кезінде ауыл әкімдері сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.



26 қаңтар 2018 ж. 2 236 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930