Аяз үш күннен кейін қайтады
Қазақстанның бірнеше өңірін қысып тұрған қатты аяз біртіндеп қайта бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, 29-30 қаңтар аралығында ШҚО, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы аяздың күші қайта бастайды. Апта соңына қарай ауа температурасы түнде минус 35-41-ден 15-23-ке дейін көтерілмек. Күндізгі температура минус 25-30 және 7-15 градус аралығында болады.
Оңтүстік өңірлерде түнде 21-35, күндіз 5-13 аралығында, күндізгі температура минус 15-25 тен -2+3 ке дейін барады. Еске сала кетейік, Қазақстандағы қатты аяз салдарынан бірқатар облыстарда қолайсыз ауа айы туралы ескерту жарияланған.