Серіктің сырлы суреттері

Болмысынан саналы өмірге ұмтылатын адам баласының басқа тіршілік иесінен артықшылығы түрлі эмоция үстінде қоршаған орта көріністерінен тәтті естеліктер іздейтіні белгілі. Ал фотограф кәсібінің ауырлығы дәл осы тұста байқалады.
Көрермен талғамынан шығарлық суретті өмірге әкелсе – бұл автор еңбегінің еленгені. Сол сияқты сәтті кадр әлеуметтік желідегі пайымды пост пен басылым беттеріндегі мақаланың да маңыздылығын еселей түседі. Әдемілікті сурет арқылы беретін фотографтың құндылығы да осындай туындыларынан көрінеді десек болады.
Жастар жылы аясында қасиетті Қазалы ауданының көз тартатын көрікті тұстары мен табиғаттың тылсым кейпін кадрға тайға таңба басқандай етіп басып алып жүрген әуесқой фотограф Серік Ақмырзаның туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.




