Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылы шығатын 7 жаңа автокөлік

2018 жылы шығатын 7 жаңа автокөлік

2018 жылы автокөлік нарығында орасан зор жаңалықтар болады. Әлемге әйгілі брендтер өз жанкүйерлерін жаңа туындылармен қуантуға дайындалып жатыр. Осыған байланысты, 7kun.kz сайты 2018 жылы шығатын жеті жаңа автокөлік туралы материалды назарларыңызға ұсынады.
Toyota Fortuner
Әлемге әйгілі жапондық TOYOTA компаниясы 2018 жылға TOYOTA FORTUNER су жаңа маркасын тарту етпек. Бұл марка 2015 жылы көпшілік арасында пікірталасқа түсіп, өткен жылы алғашқыларын шығарып ұсынылған еді. Халық арасында жақсы қабылданып, сұранысқа ие екеніне көз жеткізілген соң компания 2018 жылға тарту ретінде шығаруды жөн санапты. Негізінен, автомобильдің бензин және дизельді екі түрі Ресейде көрсетіліп үлгерді. Сыртқы көрінісіндегі алдығы және артқы шамдары жыртықыш жануар формасының дизайнында жасалған. Автокөліктің нарықтағы бағасы 14 млн 967 мың теңге. Сонымен қатар, жаңа заманға сай жанармайды үнемдегенімен, қозғалқыш қуаты өз дәрежесінде сақталынған. Әлемді таң қалдырудан жалықпайтын жапондықтардың шығарған темір тұлпарын алуға үмткерлер қатары едәуір көп. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген сөз. Сол секілді жаңа заманның жаңа көлігін тізгіндеген адамда арман болмайды деп есептейді сарапшылар.
Жер планетасындағы ең қымбат автомобильдер қатарына жататын италиялық Lamborghini автокомпаниясы жаңа жылға Lamborghini Urus маркасын тарту етпек. 2017 жылдың 4 желтоқсанында жаңа көліктің таныстырылымы өтті. Сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Көлікті құрастырушылардың айтуынша, қазіргі қолданыста жүрген маркаларынан айырмашылығы: «біз Lamborghini Urus көлігінің тежеуішін ең жоғары сапада жасап шықтық. Оның жоғары жылдамдықта келе жатып толықтай тоқтап үлгеруі үшін 33 метр жеткілікті және электорникасы мен дизайны едәуір сапалы да, артығырақ. Автомобильдің 3500 данасын нарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Егер қалтаңызда 270 мың доллар болса ол сіздікі»-деген болатын.
«Сапалы көлік отаны» – деп аталып кеткен Германиядағы Porsche компаниясы Porsche Cayenne V6 маркасын тарту етті. Германияда бағасы 74 мың 830 еуродан аспаса, Еуропаға 91 мың 960 еуромен сатылатын болады. Қазіргі таңда автокөлік Еуропа нарығына шығарылып қойды. Ал, көршіліес Ресей және ТМД аумағына 2018 жылдың мамыр айында алып келінбекші. Көліктің ішкі едені, қапталындағы есік қорғаныштары және капоты да жоғары сапалы алюьминиден құйылған Porsche Cayenne маркасы жылдамдықты сүйгіш болғандықтан тежегіші екі есеге күшейтілген.
«Аспанда да, жерде де, суда да Мерседес» деген термин қай ғасырда, қай жылда да өз құнын жоғалтқан емес. Ресми белгісі де сол титулды ақтай алатындықтан қойылған шығар. Яғни, 7 млрд астам адамзаттың әлі туылмағандарынан басқасы Мерседес автомаркасын білмеуі мүмкін емес дүние. Неміс инженерлері автосүйер қауымға 2018 жылда адамзатқа дайындаған үлкен тартуы бар. Жаңа «джи-ти-эс» маркасымен шыққан автокөліктің жылдамдығы 311 км/сағаты құрайды. Жалпы, бұл Германияның әлем алдында мақтанып айтар «Mercedes-Benz» автомаркасы біздің ешкімге керек емес сынымыз бен пікірімізді емес, қалтасы қалың тұтынушыларды көбірек қажетсінері анық. 154 мың долларыңыз болса, үш әлемнің қожасы сіздікі болмақ.
Алғашқы презинтациясы өткен жылдың қаңтарында Детройт қаласында сәтті өтіп, жаңа жылға немістің Audi Q8 E-tron темір тұлпары халыққа жол тартады. Audi компаниясының иесі бұл маркаға ерекше тоқталып « 2019 жылға қалдыруды ойлаған болатынбыз, бірақ 2018 жылы тұтынушыларды жарылқағымыз келді» -деп айтқан еді.
Бұл компанияның соңғы жылдары жаңа маркаларды шығаруы артқанмен, бұл жылға ең таңдаулысын шығардық деуі де бекер еместі.
Компания басшысы тұтынушыларға «сіздердің талғам – біздің шабыт» деп өз Twitter парақшасында жазып, мақтанышын жасыра алмаған. Жаңа көліктің бағасы 70 мың долларды құрайды.
Адам жоқ жер болуы мүмкін, бірақ Toyota көлігі жоқ жердің болу мүмкін емес. Яғни, шығыс аралынан шығып цивилизацияның бір бөлшегіне айналған бұл марка 2018 жылға да өз жаңалығымен келді.
Бұл көлікті Детройтта таныстырғанда сыншылар бір ауыздан осы жылдың ең лайық, әрі жаңа көлігі деген болатын. Жапониялық «TOYOTA» компаниясы 2017 жылы бұл көлікті құрастырып біткенімен, жаңа жылға жаңа тарту болсын деп жасырып келгенін айтқан. Бағасы 25 мың доллардан аспайды.
Боварлық автокөлік құрастырушылар BMW брендтік маркасын су жаңа түрін шығарды. BMW X7 автомобильді спорттық көлік болып саналғанымен BMW X5, X6, X7 маркаларының артықшылығы жол талғамайтынында. 2018 жылға ұсынылып отырған көліктің дизайны жағынан алдыңғы тұрпаттарына ұқсас болғанымен, қуаты жағынан салыстыруға келмейді.
7kun.kz

23 қаңтар 2018 ж. 1 682 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930