Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада медициналық мекемелерге 29 автокөлік табысталды

Қызылордада медициналық мекемелерге 29 автокөлік табысталды

Облыстық денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюро-қондырғылар, арнайы көліктер және жеңіл автокөліктер сатып алынды. 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дәрігерлерге 29 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. «Біз халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің барлық талаптарын басшылыққа алып отырмыз. Мәселен, жаңа туылған нәрестелер үшін жасанды тыныс алдыру аппараттарын аудандарға, Ана мен бала орталығына алдырдық. Барлық аудандар жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын кардиостандарттар, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін эндовидеостойкалармен қамтамасыз етілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 400 орындық емхана пайдалануға берілсе, Жаңа жыл мерекесіне тарту ретінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюроқондырғылар мен ыңғайлы автокөліктер сатып алынды», - деді аймақ басшысы
23 желтоқсан 2017 ж. 1 290 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930