Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды: «Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді. Пойыз Астанадан 30 желтоқсан күні 23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан күні 05 сағат 46 минутта жетеді. Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан күні 09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді. Пойыздың 22 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд», тағы біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 18-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 346.
«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан күндері 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан күндері 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан күндері 18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсан күндері 12:54-те жетеді. Пойыздың 24 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 21-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 425.
Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 456 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930