Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бау-бақшасын баптаған

Бау-бақшасын баптаған

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы Қазалы ауданында 2015 жылдан бері бірнеше тұрғын шағын несие алып, құс өсіруге, мал шаруашылығын дамытуға, бау-бақшалар егуге қаржы жұмсады. Солардың бірі – бекарыстанбилік бағбан Төребай Қожақов. Ол агробизнесті зейнеткерлікке шыққаннан кейін бастаған. Бүгінде ақсақалдың ауласында жеміс ағашы мен көкөністердің сан түрі жайқала өсіп тұр.
Бізге бау-бақшасын аралатып көрсеткен еңбекқор жан кіре берістегі көкке бой соза өсіп тұрған екі түп ағашты ерекше таныстырды. Бұл грек жаңғағы екен. Осыдан он жыл бұрын Түркістан қаласынан көшетін әкеліп отырғызған, жалықпай, күтім жасау арқылы жерсіндіріп, жемісін екі жылдан бері жеп келеді. Биыл да түйнек сала бастаған. Одан кейін бақты жағалай егілген шие, сары, қара өрік, алма, алмұрт ағаштары жайқалып, көз тартады. Көкөністер егілген атыздардың жөні бір бөлек. Онда қызылша, қызанақ, қияр, жуа, аскөк егіліп, жер идірген жанның бақылауына алынған.
Кәсіпкер «ЭкоДаму» бағдарламасымен 1 миллион теңге алып, 2000 көшет сатып әкелді. Осылайша бірнеше жыл бойы төгілген тер мен еткен еңбек кәсіпкерлікке ұласты. Қазір Төребай Қожақұлы ауласындағы жеміс-жидектер мен көкөністердің барлығының көшеті мен жемісін аудан орталығына әкеліп сатады. Кейде ауыл тұрғындарына тегін үлестіріп, күтіп-баптаудың жолдарын айтып, жанашырлық көрсетеді.
«Қазір бау-бақшаның алаңы 11 соттыққа дейін өсті. Мұнда жеміс ағаштарының сан түрі өседі. Үш- төрт жылдың ішінде жаңа көшеттер алғашқы жемісін береді. Қуаң жерлерден де жақсы өнім алуға болады. Мұндай бақшаны өсіру – үлкен еңбек. Көптеген замандастарым бақша егумен айналысады, дегенмен жақсы өнім ала алмай жатады. Мен арнайы бау-бақша өсірудің әдіс-тәсілдері жазылған кітаптарды іздеп жүріп, көп оқимын және ақпараттарға құлақ түремін. Мәселен, қашан суару керек, қалай артық бұтақтарды кесу керек екендігін кітапқа сүйене отырып істеймін. Бүгінде бұл жөнінде біраз тәжірибе жинадым», – дейді кәсіпкер.
Әр жылдары тепловоз машинисі, таркторшы, күрішші, қойма меңгерушісі болған Төребай Қожақов еңбектен ешқашан қашқан емес. Балалары мен немерелеріне дейін бау-бақшаның күтімін жақсы біледі. «Еңбек еткеннің еңсесі биік» бағбанның алда жоспары көп. Бау-бақшасының көлемін бұдан әрі кеңейтіп, жеміс түрлерін көбейте түсуді ниет етіп отыр.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 мамыр 2018 ж. 2 947 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930