Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі ұлғайды

Елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі ұлғайды

2022 жылғы қаңтар-қазанда көрсеткіш 101,4 % құрады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Айтарлықтай өсім Жамбыл (11,1%), Абай (9,4%), Ақмола (8,8%) облыстарында және Алматы қаласында (9,2%) байқалды. Төмендеу Қостанай (4,3%-ға), Түркістан (4,2%-ға), Жетісу (2,4%-ға), Атырау (1,9%-ға), Батыс Қазақстан (1,3%-ға), Қызылорда (1,3%-ға) және Павлодар (0,9%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-қазанда 39 720 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласына – 20 628 млрд теңге (жалпы көлемнің 51,9%-ы), өңдеу өнеркәсібінде – 16 972 млрд теңге (42,7%-ы) тиесілі.

"2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда түсті металдар кені (107,8%), көмір өндіру (101,6%), сусындар (108,9%), темекі өнімдері (112,7%), жеңіл өнеркәсіп (107,8%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (104,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (104%) өндірісінің өсуі байқалды", делінген ақпаратта.
16 қараша 2022 ж. 1 237 0

Қос өрім

13 қазан 2026 ж. 93

Тың туындылар тартысы

13 қазан 2026 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031