Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір жылда 2,7%-ға өскен

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бір жылда 2,7%-ға өскен

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,7%-ға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндірісі 0,8%-ға қысқарған. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндірістегі қалдықтарды жою 8,5%-ға, электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету 6,1%-ға, өңдеу өнеркәсібі 5,7%-ға өскен. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тамақ өнімдері, сусындар, резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге де металл емес минералдық өнімдер, химия және фармацевтика өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің көлемі өскен. Алайда көмір, шикі мұнай және табиғи газ өндіру қысқарған. 17 өңірдің 14-інде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі ұлғайған. Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 0,7%-ға төмендеген еді.

14 қазан 2021 ж. 689 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031