Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономикалық өсім көрсеткіші жоғары өңірлер аталды

Экономикалық өсім көрсеткіші жоғары өңірлер аталды

Үкімет отырысында соңғы бес айдағы елдің экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жоғары және төмен көрсеткіш көрсеткен өңірлерге тоқталды.

Оның айтуынша 14 өңір өңдеу өнеркәсібінде оң өсу тіркелген. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, Алматы облысында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалуда. Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары. Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік орын алуда. Ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.

Инвестиция көлемінің төмендеуі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді. Құрылыс саласы жоғарғы қарқынды өсуді көрсетті. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3%-ға ұлғайды. Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті, - деді ол.
Министр келтірген мәліметке сүйенсек, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғарғы өсуі Түркістан, Қызылорда және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады.
Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары. Осыған байланысты барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы ұлғаю Шымкент қаласында , Атырау және Павлодар облыстарында тіркелді, - деді Әсет Ерғалиев.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы көлемі артуда. Өсу 3,1%-ды құрады. 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті. Бұл ретте, төмендеу Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсу 2 өңірде – Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстары. 7 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша өсу байқалады. Жалпы, сауда және көлік бойынша жағдай жақсаруда. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірде сауда бойынша өсу байқалады. Көлік бойынша әлі де тек 3 өңір оң аймақта орналасқан. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы, - деді министр.

10 маусым 2021 ж. 1 200 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930