Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірді
Қазақстан Ұлттық банкі қазіргі жағдайда теңге/рубль бағамының қалыптасуына байланысты маусым айында рубльдің барлық валюталарға, ең алдымен АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайғанын хабарлады. «Осындай айтарлықтай нығаю РФ-да енгізілген капитал қозғалысын бақылау шаралары, энергия ресурстарын қоса алғанда, негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағалары аясында, импорттың айтарлықтай қысқаруымен байланысты болды. Бұрын енгізілген валюталық шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың жоғары бағасы мен импорттың төмен көлемі аясында нығая берді. Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш – 9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді»,-делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Сондай-ақ аталмыш хабарда Ресей Федерациясында рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатқаны айтылған. Бұл ретте тікелей шараларды қабылдауды РФ-ға қарсы енгізілген санкциялар қиындатып тұр. Өз кезегінде, теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай жекелей қалыптасады. Теңге/рубль нарығы дербес қалыптастыру үшін жеткілікті түрде терең және өтімді емес, бұл РФ мен ҚР арасындағы сауда теңгерімсіздігіне, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың өз өнімдерін Ресей Федерациясына теңгеге сатпауына байланысты. Ресейлік экспорттаушылардан айырмашылығы – ресейлік рубльге сататын экспорттаушыларға қарағанда, Ресей Федерациясындағы теңгеге деген сұраныстың төмендігі осымен байланысты. Валюталық саясат аясында Ұлттық банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады. Бұл – теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және онымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен паритетке әсер ету мақсатында ұлттық валютаның айырбас бағамы бойынша кез келген амалдар жасауға жол берілмейді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айдың соңында валюта нарығында жасалған барлық операциялар, оның ішінде алтын-валюта активтері есебінен жасалған интервенциялар, Ұлттық қордың немесе БЖЗҚ атынан жасалған операциялар туралы ақпаратты жария етеді. ҚР ҰБ валюта нарығындағы ахуалды түсіндіріп, кәсіби қатысушылармен және халықпен арадағы коммуникациялық байланыстарға тән жұмысты жалғастыра береді»,-делінген Ұлттық банктің ақпаратында.